Құрылғыларды басқару тобының құрамына жылжыту

Бастапқы, сондай-ақ мақсаты басқару топтары үшін (немесе осы топтар тиесілі болып табылатын Басқару сервері үшін) Басқару топтарын басқару аймағында Өзгерту құқықтары болған кезде ғана құрылғыларды бір басқару тобынан екіншісіне жылжытуға болады.

Бір немесе бірнеше құрылғыны таңдалған басқару тобының құрамына қосу үшін:

  1. Консоль ағашында Басқарылатын құрылғылар қалтасын ашыңыз.
  2. Басқарылатын құрылғылар қалтасында клиент құрылғылары қосылатын топқа сәйкес келетін салынған қалтасын таңдаңыз.

    Егер сіз құрылғыларды Басқарылатын құрылғылар тобына қосқыңыз келсе, бұл қадамды өткізіп жіберуге болады.

  3. Құрылғылар қойыншасындағы таңдалған басқару тобының жұмыс аймағында келесі тәсілдердің бірімен құрылғыларды топқа қосу процесін бастаңыз:
    • Құрылғыларды құрылғылар тізімімен жұмыс істеу блогындағы Құрылғыларды топқа жылжыту түймесі арқылы топқа қосыңыз.
    • Құрылғылар тізімінің контекстік мәзірінен Жасау → Құрылғы тармағын таңдаңыз.

Нәтижесінде, құрылғыларды жылжыту шебері іске қосылады. Оның нұсқауларын орындай отырып, құрылғыларды топқа жылжыту жолын анықтаңыз және топқа кіретін құрылғылардың тізімін жасаңыз.

Құрылғылар тізімін қолмен қалыптастырып жатсаңыз, құрылғының мекенжайы ретінде сіз IP мекенжайын (немесе IP аралығын), NetBIOS немесе DNS атауын пайдалана аласыз. Құрылғылар тізіміне құрылғыны қосқан кезде немесе құрылғыларды табу нәтижесінде Басқару сервері дерекқорына ақпарат қосылған құрылғыларды ғана қолмен жылжытуға болады.

Файлдан құрылғылар тізімін импорттау үшін файлды TXT пішімінде қосылатын құрылғылардың мекенжайларының тізімімен көрсету қажет. Әр мекенжай бөлек жолда орналасуы керек.

Шебер аяқталғаннан кейін, таңдалған құрылғылар басқару тобының құрамына енеді және олар үшін Басқару сервері берген атаулары бар құрылғылар тізімінде көрсетіледі.

Құрылғыны таңдалған басқару тобына тінтуірмен Тағайындалмаған құрылғылар қалтасынан басқару тобы қалтасына апару арқылы жылжытуға болады.

Басына оралу